🏫 «Келешек мектептері» жобасы аясында 2025–2026 оқу жылында 200 мыңнан астам оқушы орны пайдалануға беріледі

✍️ Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында барлығы 460 мың оқушы орны ашылады.

📑 2024 жылдың қорытындысы бойынша жаңа форматтағы 105 мектеп салынды. Ал 2025 жылдың соңына дейін тағы 112 мектеп пайдалануға беріледі. Осылайша, жаңа оқу жылында қосымша 206 мың оқушы орны беріледі.

✔️ Аталған жоба аясында салынған мектептер бұрынғы типтік мектептерден едәуір ерекшеленеді. Олардың жалпы аумағы 15–20%-ға үлкен, ал техникалық жабдықталу деңгейі төрт есе жоғары. Әр мектепте робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар, хореография залдары, коворкинг аймақтары мен төрт спорт залға дейін қарастырылған.

🔹 Ұлттық жоба аясында барлығы 460 мың оқушы орнына арналған 217 мектеп салу жоспарланған.


Сапаны қамтамасыз ету Департаменті - Солтүстік Қазақстан облысы

«Келешек мектептері» жобасы аясында салынған Астана қаласындағы №104 мектеп 2000 оқушы орнына арналған.


«Келешек мектептер» жобасы аясында салынған Қостанай қаласындағы №32 мектеп



🇰🇿 Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда бұрын-соңды болмаған, теңдессіз жаңа үлгідегі мектептер салынуда.

⚜️ Ұлттық жоба – білім беру жүйесінде тың әрі ауқымды инфрақұрылымдық бастаманы іске асырудың нәтижесі.

#келешекмектептері

https://t.me/oqu_agartu/15962